Сенім телефоны
8-718-2-62-12-92
email: sosh23@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Бакинская көш., 4
611290, 611296, 611297
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 16.00 - 17.00, Сейсенбі 16.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Қауіпсіз ғаламтур
                                Балалардың Интернет желісіндегі  қауіпсіздігі бойынша ата-аналарға арналған
 
жаднама
 
 Интернетке кіруді балаларға қалай қауіпсіз етуге болатындығы туралы кеңестер
 
1. Балаңызға Интернет-кеңістік дегеніміз не, Интернеттің пайдасы неде, онда тек көптеген қызықты нәрселер ғана емес, сондай-ақ жағымсыз ақпараттар да кездесетіндігі туралы айтыңыз.  Балаңыздың барлық бос уақытын ғаламдық торда өткізбей, қажетіне қарай дұрыс пайдалануын қадағалаңыз. Балаңызға ол желіде рұқсат етілмеген ақпараттар мен жамандық ойлаушыларға соқытығысуы мүмкін екендігін ескертіңіз.
 
2. Балалардың қатысуымен Интернетке кірудің үйдегі тәртібінің тізімін құрыңыз және оның орындалуын талап етіңіз.
 
3. Балаңыздан компьютерде отырудың уақыттық нормаларын сақтауды талап етіңіз.
 
4. Балаңызға оны сіз осыны қалайтындықтан емес, оның қауіпсіздігіне бола мазасызданғандықтан қадағалайтындығыңызды және әркез оған көмектесуге даяр тұратындығыңызды көрсетіңіз. 
 
5. Интернетке қосылған компьютер жалпы бөлмеде ата-ананың қарауында орналастырылуы қажет.
 
6.Мүмкіндігіңізге қарай Интернетке балаңызбен бірге кіруге тырысыңыз.  Балаларыңызды Интернетті меңгеру ісіндегі олардың жетістіктері мен сәтсіздіктерін сізбен бөлісіп отыруға талпындырыңыз. Балалармен олардың виртуалды достары жайлы әңгімелесіңіз және олардың шынайы өмірдегі достығы туралы сөз қыла отырып,  олардың немен айналысатындығы туралы сөз қозғаңыз.
 
7.  Балаларды жеке ақпараттың құпиялылығын сақтау бойынша келесі сақтық шараларын қолдануға үйретіңіз:
 
– интернетте тек қана есімі мен бүркеме атын қолдануға, телефон нөмірі, тұратын жері немесе оқу орнының мекен-жайын, отбасы мүшелері мен материалдық жағдайы туралы қандай да бір ақпаратты хабарламауға, өз фотосуреттерін жібермеуге.
 
– балаларға үлкендердің бақылауынсыз Интернеттегі таныстарымен кездесуге рұқсат бермеңіз.
 
8. Балаңызға компьютерде жұмыс жасаудың шектелген есеп жазбасын құрыңыз.
 
9. Балалардың жеке адрестерінің болуына мүмкіндік бермеу үшін отбасылық электронды жәшік ашыңыз. Нақты бір адамдардан келген немесе айқындалған сөздер, не сөз орамдарынан тұратын хабарламаларды оқшаулау үшін электрондық пошта фильтрлерін қолданыңыз. Балаларға ешуақытта лездік хабарламаларға немесе электрондық поштамен бейтаныс адамдардан келген хаттарға жауап бермеу керектігін түсіндіріңіз.
 
10. Балаларға тек сіз рұқсат берген сайтқа ғана кіру қажеттігін үйретіңіз, яғни Ата-аналық бақылау құралдарының көмегімен оларға Интернеттің «дұрыс» деп аталын тізімін жасаңыз. Интернетте ата-аналық бақылауды түрлі бағдарламалық жасақтамалардың көмегімен қамтамасыз етуге болады. Мысалға, Windows-та ата-аналық бақылау, антивирустық бағдарламаларға кіріктірілген ата-аналық бақылау құралдары, мысалы, Kaspersky Internet Security.
 
11. Қазіргі заманғы бағдарламалардың көмегімен балалардың Интернеттегі жұмысын бақылап отырыңыз. Стандартты ата-аналық бақылауға қосымша ретінде жағымсыз контентті оқшаулау құралдарын қолданыңыз. Олар ішіндегі зияндылықты фильтрлеуге, балаңыз қай сайтқа кіретіндігін және онда не істейтіндігін анықтауға көмектеседі.
 
12. Балаларыңызды электрондық пошта, чаттар, тіркелу түрлері мен профильдер арқылы қандай да бір ақпаратты жарияламастан бұрын сізбен ақылдасуға дағдыландырыңыз.
 
13. Сіздің рұқсатыңызсыз файлдар, бағдарламалар немесе музыкалар жүктемеуге  үйретіңіз. Олардың кездейсоқ вирустар немесе басқа да ұнамсыз бағдарламалық қамсыздандыруды көшіріп алуы мүмкін екендігін түсіндіріңіз.
 
14. Балаларыңызды кітапханалар секілді түрлі дерек көздерін қолдануға ынталандырыңыз немесе оларға дискідегі энциклопедияны сыйлаңыз, мысалы, "Кирил мен Мефодия энциклопедиясы" немесе Microsoft Encarta. Бұл сіздің балаңызды көлденең ақпарат көздерін пайдалануға үйретуге көмектеседі.
 
15. Балаңызды Интернетте іздеу құралдарын пайдалануға үйретіңіз. Іздеуді жүзеге асыру үшін қалай түрлі іздеу жүйелерін қолдануға болатындығын көрсетіңіз.
 
16. Балаңызға шынайы өмір мен Интернеттегі ағат немесе оң қылықтың арасында ешқандай айырмашылық жоқ екендігін түсіндіріңіз.
 
17. Балаларыңызды Интернеттегі сұхбаттастарын құрметтеуге үйретіңіз. Олардың жақсы мінез кейпі ережесі Интернетте де, шынайы өмірде де бірдей жүретіндігін түсінетіндеріне көз жеткізіңіз.