Телефон доверия
8(718-2)-54-54-51
email: sosh29@goo.edu.kz
Адрес: Қазақстан Республикасы Павлодар қаласы, Катаев көшесі 22
Жетекшісі: 54-54-33. Қабылдау бөлмесі: 54-54-51
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дүйсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін Бейсенбі 15:30-дан 17:30-ға дейін
Главное достоинство учителя - это:
Голосовать
Человеческие качества - 156
Любовь к детям - 140
Блестящее знание предмета - 73
Качество подготовки к экзаменам - 72
Всего проголосовало: 441
Смотреть результат
In a year
In a month
In a week
Yesterday
ИНТЕРНЕТТЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІ

 

ИНТЕРНЕТТЕГІ   ҚАУІПСІЗДІК    ЕРЕЖЕСІ

Интернеттегі қызықты ақпараттар өзіне тартып тұратыны рас. Ол жерде көптеген мәліметтерге қанығып, әртүрлі адамдармен виртуалды танысып, араласуға болады. Әйткенмен, көшеде бейтаныс адаммен бірден таныса кетпейтінің тәрізді интернетте де жұмыс істегенде қауіпсіздік мәселесін естен шығармаған жөн. Төмендегі шағын мысалдар америка жасөспірімдерінің интернетпен жұмыс істегенде қолданатын ережелерінен алынып отыр. 1. Құпия сөз. Интернеттегі пошта немесе “Мой мир”, “m-agent” тәрізді бағдарламалармен жұмыс істегенде құпия сөзге мән беру керек. Қорғанысы берік құпия сөзді оңай құрастыру үшін өзіңнің жақсы көретін әніңнің алғашқы шумақтарын латын әріптерімен жазуға болады. Мысалы, “Алтын күн аспаны, Алтын дән даласы” деген шумақты құпия сөз қылатын болсақ AkaAdd болып шығады. Енді соның арасына өзіңнің сүйікті саныңды қоса аласың. Aka2012Add. Құпия сөз кем дегенде сегіз символдан құралғаны жақсы. Әрі ол символдардың ішінде бас әріптермен қатар кіші әріптер, сандар әрі ! @ # тәрізді символдар да араласқаны жақсы. 2. Сенім. Интернеттегі мәліметтердің бәріне сенуге болмайды. Кейбір кезде адамды ашуға шақыратын немесе әлдебір жаман әрекетке баулитын мәліметтер болады. Интернетке мәліметті әртүрлі адамдар жариялайды. Адамдардың ойлары, пікірлері әртүрлі болады. Сондықтан барлық мәлімет бірдей, барлық сайттағы ақпарат дұрыс деген пікірден аулақ болған жөн. 3. Әлеуметтік желі. “Мой мир” m-agent, facebook, twitter тәрізді әлеуметтік желілер жаңа достар тауып, олармен үнемі байланыста болуға жақсы құрал болғанымен, бұл желілер арқылы алаяқтықпен айналысып, ақша табуды көздейтіндер бар. Ол үшін олар әлеуметтік желі арқылы банк карточкасы, салық төлеу нөмірі, жеке куәлік нөмірі тәрізді жеке мәліметтерді пайдаланады. Сондықтан әлеуметтік желіні қолданғанда тек жақсы танитын адамдарды ғана достар қатарына қосуға кеңес береміз. Әрі ешқашан да ата-анаңның банк карточкасы, салық нөмірі немесе жеке куәлік мәліметтерін әлеуметтік желі арқылы танымайтын адамдарға жолдама.

 4. Жауапкершілік. Интернетте әлдебір мәлімет жариялағанда оның үнемі сақталып қалатынын естен шығарма. Яғни, сурет, музыка немесе жазба жарияласаң оның ішінде әлдебір мәлімет қате болып шығуы мүмкін. Сурет өзгеге тиесілі болса, оның шын иесі кез-келген уақытта сотқа шағымдана алады. Егер досыңның немесе танысыңынң суретін интернетте жарялайтын болсаң, онда оған бір ауыз ескертіп қойған жақсы. Интернеттегі жариялаған әрбір әріп үшін жауапкершілік жүктейміз. 5. Құрмет. Интернеттегі адамдарға құрметпен қарауға үйрен. Жоғарыда айтқанымыздай адамдардың пікірі әртүрлі. “Сондықтан интернеттің ар жағында отырғандықтан менің кім екенімді білмейді” деп ойлап, бейәдеп, жалған сөз айтудан аулақ бол. Адамдармен шынайы өмірде әдептілік сақтап сөйлесер болсаң ғаламторда да сол әдептілік қағидаларын ұстауға кеңес береміз. Технология дамыған сайын оның зиянды жағы мен пайдалы жағы туралы пікірлер көбейері сөзсіз. Алайда технологияның жақсы немесе жаман болуы оны қалай қолдануымызға байланысты екенін ұмытпайық.