Сенім телефоны
8(718-2)-54-54-51
email: sosh29@goo.edu.kz
Мекенжайы: Қазақстан Республикасы Павлодар қаласы, Катаев көшесі 22
Жетекшісі: 54-54-33. Қабылдау бөлмесі: 54-54-51
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін Бейсенбі 15:30-дан 17:30-ға дейін
Главное достоинство учителя - это:
Голосовать
Человеческие качества - 156
Любовь к детям - 137
Блестящее знание предмета - 73
Качество подготовки к экзаменам - 72
Всего проголосовало: 438
Смотреть результат
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Электрондық оқыту

Білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында электрондық оқыту жүйесі енгізілуде.

Таяу уақытта қазақстандық оқушылар тұр­ғылықты жеріне тәуелсіз үздік білім беру ресурстарына деген қолжетімділікке ие болады. Бұл міндетті электрондық оқыту – «E-learning» шешетін болады.

Бұл жобаны іске асыру екі сатыда жүреді. 2011–2015 жылдары «E-learning» жүйесіне білім беру мекемелерінің 50 пайыздан астамы қосылады. 2020 жылға дейін – 90-нан астам.

2011-2012 оқу жылында электрондық оқыту қанатқақты жоба ретінде Алматы, Астана және Қарағанды облысының 44 білім беру ұйымында сынақтан өткізілді. Бұған 1,25 млрд.теңге со­масында қаржы құралдары бөлінді. Әрбір білім беру ұйымына компьютерлік техника, интерактивті тақталар мен проекторлар, планшетниктермен және классмейттермен жарақталған ұтқыр компьютерлік сыныптар ұсынылған. Бірыңғай электрондық жүйені енгізуден күті­летін нәти­желер бұл – мұғалімдердің күн ұзақ­тық қауырт еңбегін жеңілдету, шығармашылық пен оқу материалдарын жаңарту үшін уақыт үнемдеу.

Бұл жобаның тұсаукесері Астана және Ал­ма­ты қалаларында табысты өтті. Қанатқақты мек­тептердің 95%-ға жуық мұғалімдері оқушы­лардың сабақ үстіндегі белсенділігінің жақсар­ғанын, визуалды оқу материалдарына деген қызығушылықтың артқанын атап отыр.