Білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында электрондық оқыту жүйесі енгізілуде.
Таяу уақытта қазақстандық оқушылар тұрғылықты жеріне тәуелсіз үздік білім беру ресурстарына деген қолжетімділікке ие болады. Бұл міндетті электрондық оқыту – «E-learning» шешетін болады.
Бұл жобаны іске асыру екі сатыда жүреді. 2011–2015 жылдары «E-learning» жүйесіне білім беру мекемелерінің 50 пайыздан астамы қосылады. 2020 жылға дейін – 90-нан астам.
2011-2012 оқу жылында электрондық оқыту қанатқақты жоба ретінде Алматы, Астана және Қарағанды облысының 44 білім беру ұйымында сынақтан өткізілді. Бұған 1,25 млрд.теңге сомасында қаржы құралдары бөлінді. Әрбір білім беру ұйымына компьютерлік техника, интерактивті тақталар мен проекторлар, планшетниктермен және классмейттермен жарақталған ұтқыр компьютерлік сыныптар ұсынылған. Бірыңғай электрондық жүйені енгізуден күтілетін нәтижелер бұл – мұғалімдердің күн ұзақтық қауырт еңбегін жеңілдету, шығармашылық пен оқу материалдарын жаңарту үшін уақыт үнемдеу.
Бұл жобаның тұсаукесері Астана және Алматы қалаларында табысты өтті. Қанатқақты мектептердің 95%-ға жуық мұғалімдері оқушылардың сабақ үстіндегі белсенділігінің жақсарғанын, визуалды оқу материалдарына деген қызығушылықтың артқанын атап отыр.