Бүгін1-4 қазақ сыныптар арсында
«Күз мереке - күз береке» атты ашық тәрбие сағаттары өтті.
Оқушылар өздерінің күз мерекесіне арналған тәрбие сағатында әр түрлі өнерлерін, билерін , тақпақтарын, мақал - мәтелдерін, жұмбақтарын, қабырға газеттерін ортаға салды.Әсіресе көкөністер мен жемістерден жасаған қолөнерлері көзге тартымды болды. Қыз балалар үйлерінен әр түрлі дәруменді салаттар жасап әкелді.
1-жүргізуші:Аңсар
Құрметті ұстаздар мен оқушылар !
Жер әлемді жайнатып,әнші құстарды сайратып, «Күз –мереке күз-береке»атты кешімізді бастауға ұрықсат етіңіздер.
Топталған құстар қайтатын сынды,
Қия алмай бір ән айтатын сынды,
Көзіммен ұзақ ұзатып салып,
Тіледім аман қайтатын күнді,-дей отыра ортаға күздің алғашқы айы-қыркүйекті шақырамыз.
1-оқушы-Қыркүйек:
Ажарланып жер енді,
Түрлі түске бөленді,
Су сылдырап күледі,
Қамыс айтып өлеңді.
Мектебіне тағы да,
Келді бала сағына,
Білім өмір шырағы,
Жол көрсетіп тұрады.
2-жүргізуші:Еркегүл
Қазан-күздің дәл ортасы.Құстар қайтып кетеді.Қазақ бұл айды «Қазан» немесе «Ақырып» деп атайды.Дала жұмысы саябырлайды,қазан айын ортаға шақырамыз.
2-оқушы-Қазан
Сұрғылт мына қазанда,
Мұңайтады күн өңін.
Ерте тұрып азанда,
Серуен құрып жүремін.
Аспанды бұлт торлады,
Үдеп жаңбыр екпіні.
Жолаушыдай арбалы,
Алыстарға кетті үні.
1-жүргізуші:Аңсар
Қараша-күздің соңғы айы,қыстың хабаршысы.Жердің топырағы тон болып қатып,өріс тарылады.Қазақ бұл айды «Қазан» немесе «Қауыс» деп атайды.Келесі,күздің соңғы айы қарашаны шақырамыз.
3-оқушы-Қараша
Әжеміздің бетіндей,
Тарам-тарам жол жатыр.
Қара шеңгел шетінде,
Қарауытып олжа тұр.
Еменді тұр тербетіп,
Ебі менен қыбына.
Жылтыр әйнек көл беті,
Коньки тақ та зымыра!
Ән: «Біз бақытты баламыз»
Би :Дастархан
Осымен,қадірменді қонақтар «Күз мереке- күз береке» мерекесіне арналған шағын концертіміз аяқталды.