Сенім телефоны
8(718-2)-54-54-51
email: sosh29@goo.edu.kz
Мекенжайы: Қазақстан Республикасы Павлодар қаласы, Катаев көшесі 22
Жетекшісі: 54-54-33. Қабылдау бөлмесі: 54-54-51
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін Бейсенбі 15:30-дан 17:30-ға дейін
Главное достоинство учителя - это:
Голосовать
Человеческие качества - 156
Любовь к детям - 137
Блестящее знание предмета - 73
Качество подготовки к экзаменам - 72
Всего проголосовало: 438
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Күз мереке - күз береке» атты ашық тәрбие сағаты

Бүгін1-4 қазақ  сыныптар арсында  

 «Күз мереке - күз береке» атты ашық  тәрбие сағаттары өтті.

Оқушылар өздерінің күз мерекесіне арналған тәрбие сағатында  әр түрлі өнерлерін, билерін , тақпақтарын, мақал - мәтелдерін, жұмбақтарын, қабырға газеттерін ортаға салды.Әсіресе көкөністер мен жемістерден жасаған қолөнерлері көзге тартымды  болды. Қыз балалар үйлерінен әр түрлі дәруменді салаттар жасап әкелді.

1-жүргізуші:Аңсар

Құрметті ұстаздар мен оқушылар !

Жер әлемді жайнатып,әнші құстарды сайратып, «Күз –мереке күз-береке»атты кешімізді бастауға  ұрықсат етіңіздер.

Топталған құстар қайтатын сынды,

Қия алмай бір ән айтатын сынды,

Көзіммен ұзақ ұзатып салып,

Тіледім аман қайтатын күнді,-дей отыра ортаға күздің алғашқы айы-қыркүйекті шақырамыз.

1-оқушы-Қыркүйек:

Ажарланып жер енді,

Түрлі түске бөленді,

Су сылдырап күледі,

Қамыс айтып өлеңді.

Мектебіне тағы да,

Келді бала сағына,

Білім өмір шырағы,

Жол көрсетіп тұрады.

2-жүргізуші:Еркегүл

Қазан-күздің дәл ортасы.Құстар қайтып кетеді.Қазақ бұл айды «Қазан» немесе «Ақырып» деп атайды.Дала жұмысы саябырлайды,қазан айын ортаға шақырамыз.

2-оқушы-Қазан

Сұрғылт мына қазанда,

Мұңайтады күн өңін.

Ерте тұрып азанда,

Серуен құрып жүремін.

Аспанды бұлт торлады,

Үдеп жаңбыр екпіні.

Жолаушыдай арбалы,

Алыстарға кетті үні.

1-жүргізуші:Аңсар

Қараша-күздің соңғы айы,қыстың хабаршысы.Жердің топырағы тон болып қатып,өріс тарылады.Қазақ бұл айды «Қазан» немесе «Қауыс» деп атайды.Келесі,күздің соңғы айы қарашаны шақырамыз.

3-оқушы-Қараша

Әжеміздің бетіндей,

Тарам-тарам жол жатыр.

Қара шеңгел шетінде,

Қарауытып олжа тұр.

Еменді тұр тербетіп,

Ебі менен қыбына.

Жылтыр әйнек көл беті,

Коньки тақ та зымыра!

Ән: «Біз бақытты баламыз»

Би :Дастархан

Осымен,қадірменді қонақтар «Күз мереке- күз береке» мерекесіне арналған шағын концертіміз аяқталды.