Сенім телефоны
8 771 532 8223
email: e-mail: sosh34@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Лермонтов к,, 93/1
телефон: 62-10-07 факс: 8(7182) 62-10-52
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Т.А. Мигунова - сенбі с 9:00 до 11:00
Школьная форма: "за" и "против"?
Голосовать
б) "против" - 982
а) "за" - 507
Всего проголосовало: 1489
Смотреть результат
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ұлттық бірінғай тестілеу нәтижелері бойынша апелляция және өтінішті қарастыру рәсімі бойынша ескертпе

  ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу .  Апелляция өткізу

163. Апелляциялық комиссияның құрамы тестіленетін пәндер бойынша орта мектеп мұғалімдерінен және апелляцияға өтініш қабылдауды жүзеге асыратын техникалық хатшылардан құрылады.
164. Апелляциялық комиссияның жұмысы мынадай кезеңдерден тұрады:
1) апелляцияға тест тапсырмаларының мазмұны және техникалық себептер бойынша берілген өтініштерді қабылдау;
2) тест тапсырмаларының мазмұны және техникалық себептер бойынша апелляцияға берілген өтініштерді ДБ-ға енгізу;
3) апелляциялық комиссия үшін қажетті құжаттарды басып шығару;
4) апелляциялық комиссияның отырысы;
5) апелляция бойынша шешім қабылдау және республикалық комиссиямен байланыс жасау;
6) апелляциялық комиссияның шешімін енгізу;
7) осы нұсқаулықтың 43 қосымшасына сәйкесапелляциялық комиссия отырысының хаттамасын басып шығару.
165. Жұмыс уақытында апелляциялық комиссия мынадай құжаттарды қолданады:
1) апелляция өтініштерін тіркеу парағы;
 2) осы нұсқаулықтың 44 қосымшасына сәйкес апелляцияға берілген өтініштер тізілімі;
3) осы нұсқаулықтың 45 қосымшасына сәйкес бітірушінің жауаптарын талдау картасы, жауап парағы және сұрақ-кітапшасы;
4) апелляцияны есепке алмағандағы ҰБТ қорытындысының емтихан ведомосы;
5) дұрыс жауаптар коды.

30. Апелляцияға өтініштер қабылдау


166. Бітірушінің өтініші апелляцияға өтініштерді тіркеу парағына тіркеледі.
167. Апелляцияға тест тапсырмаларының мазмұны бойынша өтінішті пән мұғалімдері, ал техникалық себептерге байланысты өтініштерді техникалық хатшылар қабылдайды.
168. Тест тапсырмаларының мазмұны және техникалық себептерге байланысты апелляцияға берілген өтініштерді Министрлік программисі ДБ-ға енгізеді.



31. Апелляциялық комиссияның отырысына дайындық



169. Министрлік программисі апелляциялық комиссияға бітірушілердің жауаптарын талдау картасы мен апелляцияға берілген өтініштер тізілімін береді.

170. Министрлік өкілі жауап парағының көшірмесі мен оның түпнұсқасындағы мәліметтің сәйкестігін бақылау үшін бітірушілердің жауап парақтарының түпнұсқаларының көшірмелерін алады.

171. Министрлік өкілі апелляциялық комиссияның төрағасына:

1) апелляцияға өтініш берген бітірушілердің жауап парақтарын (көшірмесін алғаннан кейін);

2) дұрыс жауаптар кодын;

3) апелляцияға өтініш берген бітірушілердің сұрақ-кітапшаларын;

4) бітірушілердің жауаптарын талдау карталарын;

5) бітірушілердің апелляцияға берген өтініштерін;

6) апелляцияға берілген өтініштердің тізілімін;

7) апелляцияны есепке алмағандағы емтихан ведомосын береді.



32. Апелляциялық комиссияның отырысы



172. Апелляциялық комиссия бітірушілердің өтініштерін тестілеу нәтижелері хабарланғаннан кейін келесі күнгі сағат 14-00-ден бастап қарайды.

173. Апелляциялық комиссия әр бітірушімен жеке-жеке жұмыс жүргізеді. Бітіруші апелляция комиссиясының отырысына келмеген жағдайда, оның апелляцияға берген өтініші қаралмайды.

174. Жауаптарды талдау картасы бітірушінің 5 пән бойынша нәтижелері көрсетілген бес кестеден тұрады. Әр кесте төмендегідей 4 жолдан тұрады:

1) бірінші жолда осы пән бойынша 1 мен 25 аралығындағы тапсырма нөмірлері көрсетілген. Бітіруші апелляцияға берген тапсырмаларының нөмірлері қою түспен боялған;

2) екінші жолда дұрыс жауаптар коды берілген;

3) үшінші жол бітірушінің жауап парағынан оқылған жауаптардан тұрады;

4) төртінші жол автоматты түрде екінші және үшінші жолдарды салыстыру нәтижелері бойынша құрылады.



33. Апелляция бойынша шешім қабылдау



175. Шешім тек бітіруші апелляцияға берген тапсырма бойынша ғана қабылданады. Апелляцияға берілмеген тапсырмалар қарастырылмайды. Апелляция комиссиясының апелляция кезінде нұсқаны және таңдаған пәнді өзгерте алмайды.

176. Тест тапсырмаларының мазмұны бойынша апелляция мынадай жағдайларда қарастырылады:

1) тест тапсырмасы дұрыс құрылмаса;

2) дұрыс жауабы болмаса;

3) бірнеше дұрыс жауабы болса.

177. Бұл жағдайда балл қосу төмендегі ретпен іске асырылады: апелляциялық комиссия телекоммуникациялық желі арқылы осы нұсқаулықтың 46 қосымшасына сәйкес кестені толтырып, республикалық комиссия үшін ҰТО-ға жібереді. Кестені алғаннан кейін республикалық комиссия шешім қабылдап, өзінің шешімін сол кестедегі бағанға сәйкес енгізеді де, қайтадан ҰБТӨП-тегі апелляциялық комиссияға жібереді. Республикалық комиссияның шешімі соңғы шешім болып саналады.

178. Егер бітіруші өзі дұрыс жауап берген тапсырма бойынша апелляцияға өтініш берсе, онда ол тапсырма бойынша апелляциялық комиссия «қанағаттандырылмайды» шешімін қабылдайды.

179. Техникалық себептер бойынша апелляция мынадай жағдайларда қарастырылады:

1) дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келетін боялған дөңгелекшені сканер 2 дөңгелекше ретінде оқыған;

2) дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келетін боялған дөңгелекшені сканер оқымаған.

180. Бұл жағдайда апелляция жергілікті жерде қарастырылады. Оң шешім ҰТО-мен келісіледі. Апелляция комиссиясының төрағасы балл қосылған бітірушілердің сұрақ-кітапшаларын ҰТО-ға алып келеді.



34. Апелляциялық комиссияның шешімдерін енгізу



181. Апелляциялық комиссия өз шешімін апелляция берген өтініш парағында белгілейді.

182. Шешімді ДБ-ға міндетті түрде апелляциялық комиссия төрағасының қатысуымен Министрлік программисі енгізеді.

183. Барлық өтініштер бойынша шешім қабылданғаннан кейін апелляция комиссиясының төрағасы программиске алдыңғы лекті жабуға тапсырма береді.

184. Қарастырып отырған лектің апелляциясын тек берілген өтініштер тізілімінің әр жолының «Апелляция жағдайы» бағанына:

1) келмеді (бітіруші апелляцияға келмеді);

2) жойылды (өтініш жойылды);

3) шешім қабылданды (апелляция қаралды және шешім қабылданды) мағыналарының бірі жазылса ғана жабылады.



35. Апелляциялық комиссиясының хаттамасын басып шығару



185. Программист апелляция жабылғаннан кейін:

1) апелляцияға берілген өтініштер тізілімінің соңғы нұсқасын;

2) апелляция комиссиясы отырысының хаттамасын;

3) ҰБТ қорытындысының емтихан ведомосын (апелляцияны есепке алғандағы) екі данада басып шығарады да, оларды базасында ҰБТӨП орналасқан ЖОО-ның немесе аудандық (қалалық) білім бөлімінің мөрімен растайды.

186. Олардың бір данасы қол қойылып Министрлік өкіліне беріледі, екіншісі ҰБТӨП-тің іс-қағаздарына тіркеледі.

187. Хаттамаға апелляциялық комиссия төрағасы мен мүшелері, мемлекеттік комиссия төрағасы, сондай-ақ Министрлік өкілі қолдарын қояды.

188. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды бергеннен кейін Министрлік программисі ағымдағы лекті жабады.



36. Апелляциялық комиссия жұмысының аяқталуы



189. Жұмыс аяқталғаннан кейін апелляциялық комиссияның төрағасы Министрлік өкіліне жауап парақтарының түпнұсқаларын, сұрақ-кітапшаларын береді.

190. Министрлік өкілі жауап парақтарының түпнұсқаларын олардың өзіндегі көшірмелерімен салыстырады және түпнұсқаларды тиісті конверттерге салады.

191. Апелляция кезеңі аяқталғаннан кейін, апелляциялық комиссиясының төрағасы есеп дайындайды және оған:

1) апелляцияға берілген өтініштерді тіркеу парағын;

2) апелляцияға өтініштерді;

3) апелляцияда балл қосылған бітірушілердің сұрақ-кітапшаларын;

4) апелляцияға қатысқандардың жауап парақтарының көшірмесін;

5) апелляцияға қатысқан бітірушілердің жауаптарын талдау карталарын;

6) апелляцияға берілген өтініштердің тізілімін (соңғы нұсқасын);

7) әрбір лек бойынша апелляциялық комиссия отырысының хаттамасын;

8) апелляцияны есепке алғандағы ҰБТ қорытындысының емтихан ведомостарын қосымша тіркейді.

192. Апелляциялық комиссияның есебі осы нұсқаулықтың 47 қосымшасына сәйкес нысандағы комиссия мүшелерінің жеке есептерінен тұрады.