Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Жаңалықтар
Жалпы  білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалардың қалалық қашықтық байқауы
Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалардың қалалық қашықтық байқауы
21-10-2021 16:31
Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен 2021 жылғы 12-20 қазан аралығында 8-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалардың қашықтық байқауын өткізді.
Облыстық Мағжан оқуларының жеңімпаздары
Облыстық Мағжан оқуларының жеңімпаздары
19-10-2021 17:50
«Мағжан оқулары» республикалық конкурсының ХІ облыстық кезеңіне облыстың жалпы білім беретін, мамандандырылған мектептерінің 5-10 сыныптарының 57 оқушысы, аудандық және қалалық кезеңдердің жеңімпаздары, оның ішінде Павлодар қаласы мектептерінің 3 оқушысы қатысты. Оқулар 2021 жылдың 15 қазанында онлайн режимде ZOOМ платформасы арқылы өтті.
Кәмелетке толмағандар арасында жыныстық қатынасқа жол бермеу  саласындағы, жеке тұлғаға қарсы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша дөңгелек үстел
Кәмелетке толмағандар арасында жыныстық қатынасқа жол бермеу саласындағы, жеке тұлғаға қарсы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша дөңгелек үстел
19-10-2021 12:46
"Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы "KAISAR-KZ" қоғамдық бірлестігімен бірлесіп 2021 жылғы 18 қазанда сағат 11.00-де Одақтар үйінде әртүрлі себептерге байланысты мектепішілік бақылау топтарына кірген оқушылар арасында жеке тұлғаға қарсы, жыныстық қатынасқа жол бермеу саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге № 6, 9, 21, 23, 26, 28, 32, 43 мектептен 15 қыз бала қатысты.
"Өнер алды-қызыл тіл"
14-10-2021 17:30
Онлайн режимде ZOOM платформасында 2021 жылғы 14 қазанда Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы "Мың бала" республикалық мәдени–ағартушылық жобасы шеңберінде өзге ұлт өкілдерінің 9-10 сынып оқушылары арасында мемлекеттік тілді білуге арналған "Өнер алды - қызыл тіл" байқауының қалалық кезеңін өткізді. Мақсаты-мемлекеттік тілді оқыту арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ұл
Өмірлік ИМПУЛЬС
Өмірлік ИМПУЛЬС
14-10-2021 10:35
"Заң" азаматтық – құқықтық мектебі, "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы ішкі саясат департаментінің қолдауымен "Өмірлік ИМПУЛЬС" тақырыбында ТИМБИЛДИНГ (бұдан әрі - жарыс) өткізді, жарыстың басты мақсаты-балалар ортасында суицидтің алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау, позитивті және белсенді ойлаудың басты шарты.
Мағжан оқулары.
Мағжан оқулары.
13-10-2021 16:59
Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы 2021 жылғы 13 қазанда 5-10 сынып оқушылары арасында Мағжан оқуларының қашықтықтан қалалық кезеңін өткізді. Пандемияға байланысты оқулар оқушылардың поэзияға деген қызығушылығын арттыру, поэтикалық сөздің күші мен қуатын түсінуге үйрету, дамыту және өз пікірін ғылыми тұрғыдан жеткізе білу мақсатында үш номинация бойынша ZOOM платформасында онлайн режимінде өтті.
"Тәуелсіздік ұланы"сыйлықақы
12-10-2021 15:48
Түрлі салаларда ерекше қабілеттерін көрсеткен талантты және дарынды балаларды, сондай-ақ басқаларды құтқару үшін өз өмірін қатерге тіккен, қоғамдық маңызы бар, батыл іс-әрекеттер жасаған балаларды қолдау мақсатында "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы "Тәуелсіздік ұланы"сыйлығын беруге үміткерлерді іріктеу жүргізеді.
"Заң, әділдік және ақыл-ой" ІІ қалалық турнир
09-10-2021 14:30
2021 жылы 8 қазанда М.Әлімбаев атындағы ЖОМ негізінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бағдарламасы аясында қала мектептерінің оқушылары арасында екі күндік пікірсайыс турнирі аяқталды. "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы "Павлодар қаласының ішкі саясат бөлімі" ММ және "KAISAR - KZ"ҚБ бірлесіп турнир ұйымдастырушылары болып табылады.
«Жас экорепортер» экологиялық облыстық байқауының қалалық кезеңінің жеңімпаздары
«Жас экорепортер» экологиялық облыстық байқауының қалалық кезеңінің жеңімпаздары
08-10-2021 17:32
Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылыған дамыту орталығы 2021 жылғы 4-6 қазанда "Жас экорепортер"облыстық экологиялық байқауының қалалық кезеңін өткізді. Мақсаты-оқушылардың табиғатқа қатысты экологиялық дүниетанымын қалыптастыру, байқаудың әр қатысушысының экологиялық іс-шараларды өткізудің маңыздылығын түсінуі. Байқауға қаланың 11 жалпы білім беру мектептерінің 9-11 сыныптарынан 19 оқушы қатысты.
"Қамқорлық"қалалық акция
08-10-2021 16:44
Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен 2021 жылғы 13 қыркүйектен 7 қазан аралығында "Қамқорлық" қалалық акциясы өткізілді, еңбек ардагерлері және зейнеткерлермен кездесулер өтті.
«Ұстазымыздың  бес ерекшелігі» қабырға газеті  қалалық қашықтық челендж
«Ұстазымыздың бес ерекшелігі» қабырға газеті қалалық қашықтық челендж
04-10-2021 16:53
Павлодар облысы білім беру басқармасы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы 2021 жылдың 20 қыркүйегінен 2 қазан аралығында «Ұстазымыздың бес ерекшелігі» қабырға газеті қалалық челлендж өткізді.
«Жаңа серпіліс»  І қалалық турнирі
«Жаңа серпіліс» І қалалық турнирі
04-10-2021 15:29
ППУ КЕАҚ, "Павлодар дарыны" БУҚБДДО және М.Әлімбаев атындағы ЖОМ арасындағы ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандум негізінде, сондай-ақ "Жаңа көзқарас" дебат мектебінің мәдени-білім беру жобасын, 2021 жылғы 3 қазанда М.Әлімбаев атындағы ЖОМ негізінде Ы.Алтынсариннің 180- жыл толуына және М.Әлімбаевтың туған күніне орай «Жаңа серпіліс» І қалалық турнирі өткізілді.
М.Мақатаев шығармашылығының жас табынушылары.
М.Мақатаев шығармашылығының жас табынушылары.
01-10-2021 10:27
Павлодар қаласы білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы 2021 жылы 30 қыркүйекте ақын Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған қалалық қашықтық оқуларын өткізілді. Байқау мақсаты – оқушылар арасында ақын шығармашылығын насихаттау. Оқуға қаланың 27 жалпы білім беру мектептерінен 5-11 сыныптың 96 оқушысы қатысты.
«Заң – біздің құқығымыз бен бақытты болашағымыздың қалқаны» интеллектуалдық  сайысының қорытындысы туралы.
«Заң – біздің құқығымыз бен бақытты болашағымыздың қалқаны» интеллектуалдық сайысының қорытындысы туралы.
29-09-2021 16:29
"Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы «KAISAR-KZ» Қоғамдық бірлестігімен бірлесіп 2021 жылдың 29 қыркүйегінде сағат 10.00 - де № 25 ЖОМ КММ негізінде КТІЖ, МІБ және "тәуекел тобында" есепте тұрған оқушылар арасында "Заң – біздің құқықтарымыздың және бақытты болашақтың қалқаны"атты Брейн-ринг зияткерлік жарысы өтті.
«Все профессии хороши»     қалалық  қашықтық  бейне репортаж  конкурсы.
«Все профессии хороши» қалалық қашықтық бейне репортаж конкурсы.
29-09-2021 15:37
Павлодар облысы білім беру басқармасы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы 2021 жылдың қыркүйек айының 20 – 30 аралығында «Все профессии хороши» қалалық қашықтық бейне репортаж конкурсын. өткізді.
Туған өлке тарихының жас білгірлері.
Туған өлке тарихының жас білгірлері.
29-09-2021 11:14
2021 жылғы 27 қыркүйекте «Павлодар дарыны» БУҚБДДО жас тарихшылардың "Менің кіші Отаным" ІV Республикалық зияткерлік конкурсының қалалық кезеңі онлайн режимінде өтті.
Павлодарлық мектеп оқушыларының 26 үздік эссесі
Павлодарлық мектеп оқушыларының 26 үздік эссесі
28-09-2021 09:47
Павлодар қаласының білім бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы 2021 жылдың 24 қыркүйегінде оқушылар арасында көптілді мәдениетті қалыптастырудағы Тәуелсіздік тақырыбына арналған "Тәуелсіз елім - ардақты атамекенім" атты қашықтық эссе-байқауы өткізілді.
Болашақ  ғылымның – жас зерттеушілері
Болашақ ғылымның – жас зерттеушілері
25-09-2021 10:54
Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен «Зерде» жоба және зерттеу жұмыстары конкурсы қалалық кезеңінің қорытындысы өткізілді. Конкурс 2021 жылғы 13 - 22 қыркүйек аралығында онлайн тәртібінде өтті.
Павлодарлық оқушылар облыстық зияткерлік олимпиаданың жүлдегерлері атанды
Павлодарлық оқушылар облыстық зияткерлік олимпиаданың жүлдегерлері атанды
21-09-2021 09:35
2021 жылғы 17 қыркүйекте облыстың мамандандырылған және жалпы білім беретін мектептерінің 8-11 сыныптарының 149 оқушысы, оның ішінде Павлодар қаласының № 2, 9, 17, 23, 25, 27, 37, 39, Кенжекөл жалпы білім беретін мектептерінің 9 оқушысы, қалалық турдың жеңімпаздары облыстық гуманитарлық олимпиадаға қатысты. Олимпиада онлайн режимінде Gogle-disk платформасында өткізілді.
Республикалық Президенттік олимпиаданың қалалық кезеңінің қорытындысы
Республикалық Президенттік олимпиаданың қалалық кезеңінің қорытындысы
16-09-2021 16:48
Павлодар облысы білім беру Басқармасы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" балалардың дарындылығын дамыту және бос уақытын қамту орталығымен 2021 жылғы 15 қыркүйекте қашықтық форматта ХІV Президенттік олимпиаданың қалалық кезеңін өткізді. Мақсаты - оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқуға деген қызығушылығын арттыру, теориялық білім мен іскерлікті тереңдету, дарынды оқушыларды қолдау үшін оңтайлы жағдай жасау.