2019 жылдың 04 қазан күні №7 жалпы орта білім беру мектебінде 7-8 сынып оқушылары арасында физика пәнінен ІІ юниорлық олимпиада өткізілді.
Олимпиада қорытындысы бойынша жоғары дәреже көрсеткен оқушылар І, ІІ ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. 8в сынып оқушысы Ботай Аман І орынды иеленіп, физика пәні үздігі атанды.
Павлодар қаласының Гандбол ойыны бойынша құрама командасы республикалық сайыстарда 1 орынды жеңіп алды. Ерекше атап өтетін бір жайт, команда капитаны мектебіміздің 6к сынып оқушысы Мозговая Дарья.
Өмірлік тәжірибесі мол, өмірдің қыр-сырын жете білетін , көп нәрсені айтып, көптеген нәрсеге үйрететін, шексіз даналығы мен тәжірибесі таусылмас білімі бар тұлғаларды құттықтаймыз.
ГЕОГРАФИЯ ПӘНІНЕН ҚАЛАЛЫҚ ЮНИОРЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ
Олимпиада қорытындысы бойынша мектебіміздің 8в сынып оқушысы Кузнецова Анастасия ІІ дәределі дипломды иеленді.
Халықаралық Ұстаздар күніне орай мектебіміз «Менің сүйікті ұстазым» атты акциясына белсенді қатысуда. Оқушылар сүйікті ұстаздардың портреттерін салып, әдемі безендірілген видео-сурет құттықтауларын 29schoolмектептің ресми инстаграмм парақшасына күн сайын жіберіп отырады.
Мектебіміздің оқушылары ата-аналарымен, сынып жетекшілерінің бірлесуімен « Денсаулық күні» аясында белсенді демалыс ұйымдастырып, таза ауада табиғат аясында демалып келді.
Мектеп оқушыларамыз Павлодардың «добряктар клубы» ұйымдастыруымен өтетін «Мейірімді қақпақтар» қайырымдылық акциясына бірнеше жыл бойы белсенді қатысуда.
Қыркүйектің 21-і күні мектебімізде педагогтар мен мектеп қызметкерлерінің қатысуымен сенбілік өтті.
Павлодар облысының әйелдер арасында классикалық шахмат бойынша өткен чемпионатында 10 жасқа дейінгі қыздар номинациясының күміс жүлдегері 3 Д сынып оқушысы Еркасова Жансая атанды.
3 «г» сыныбының қыздары жол жүру тәртібі тақырыбына арналған сынып сағатына қызықты да танымды материалдарын дайындап әкелді. Сынып сағаты өлеңдер айту, кроссворд, сұрақ-жұмбақ шешу форматында өткізілді.
3 «г» сыныбының қыздары жол жүру тәртібі тақырыбына арналған сынып сағатына қызықты да танымды материалдарын дайындап әкелді. Сынып сағаты өлеңдер айту, кроссворд, сұрақ-жұмбақ шешу форматында өткізілді.
Қыркүйектің 17-і күні мектептің актілі залында «Павлодар қаласының электр қондырғыларында бөгде адамдардың алдын алу үшін қауіпсіздігі» тақырыбына лекция өткізілді.
4 «г» сынып оқушымыз Галиакбар Ерасыл қоян-қолтық ұрыс бойынша Облыстық балалар турнирінің Ертіс кубогында 2 орынды иеленді.
7 б және 7д сынып оқушылары С.Б.Булатова мен С.Өмірбек сынып жетекшілерімен бірге денсаулық фестиваліне белсене қатысты.
2019 жылдың 5 қыркүйегінде «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз» тақырыбына сынып сағаты өтті. Мақсаты: оқушылардың денсаулығы мен салауатты өмір салтын қалыптастыру құндылығын қалыптастыру.
Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын тойлауға арналған шаралар аясында мектебімізде республикамызда танымал абайтанушы Асенов Даниял Сабыровичпен кездесу өтті.
Кешенді бағдарлама аясында тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес, оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру дағдыларын қалыптастыру мақсатында, біздің мектепте дәстүрлі «Денсаулық апталығы» өткізіледі.
Қыркүйектің 1-і күні мектеп ұжымы мен Павлодар облысы бойынша ЖП ЖПҚ қызметкерлерімен бірлесе отырып, жол қауіпсіздігі тақырыбына арналған сынып сағатын өткізді. Сынып сағаты барысында оқушыларға ескертпелер жазылған арнайы буклеттер таратылды.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заны бойынша алты жасқа толған әрбір бала мектеп қабырғасында оқуға міндетті. Балалар -еліміздің болашағы, және оның қандай болары Қа...