1 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күнінде Астана қаласындағы Ақорданың Президенттік резиденциясында экскурсия өтті.
2024 жылы 27 - 30 мамыр аралығында Павлодар облысының Баянауыл ауылында Қ.И. Сәтбаев атындағы жаратылыстану-математикалық цикл және бағдарламалау пәндері бойынша аймақтық олимпиада өткізілді.
Қазақ тілінен 7-11 сынып оқушылары арасында «Жарқын болашақ» республикалық олимпиада 2024 жылғы 20-22 мамыр аралығында Астана қ. «NURORDA» және «SPECTRUM» мектептерінде өтті.
Павлодар қаласы білім беру бөлімі және «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы оқу жылы бойы біздің оқушылардың сынып ұжымын біріктіру және дарынды балаларды анықтау мақсатында «Үлкен үзіліс – 2024» жобасын іске асыру бойынша жұмыс жүргізді.
«Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен 2024 жылғы 20 мамырда «Жаңа көзқарас» мектебінің қазақ және орыс лигаларының қорытынды кездесуі өткізілді.
18-19 мамыр күндері Ә. Марғұлан атындағы Павлодар Педагогикалық университетінде Әлкей Марғұланның 120 жылдығына орай “Ғұлама ғұмыр” атты мектеп оқушылары арасындағы университет грантынан арналған Республикалық пікірсайыс турнирі өтті.
Павлодар қаласы білім бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен 2024 жылғы 15 мамырда 7-8 сынып оқушылары арасында жас өнертапқыштардың макеттері байқауы өткізілді. Макеттерді қорғау білім алушыларды ғылым мен техниканың әртүрлі салаларындағы зерттеу, өнертапқыштық қызметке тарту, дарынды балаларды қолдау, шығармашылық құзыреттілікте тұлғаның бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру үшін жағдайлар жасау мақсатында жүргізіледі.
"Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2024 жылғы 12-14 мамыр аралығында Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша республикалық олимпиада өткізді.
2024 жылғы 11-12 мамырда Margulan University-де жыл сайынғы "VERITAS SCHOOL CUP II" республикалық пікірсайыс турнирі өтті.
Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен 2024 жылғы 10 мамырда облыстық «Шоң би оқулары» қалалық кезеңі өткізілді.
2024 жылғы 3 - 4 мамырда №7 мектеп базасында 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді.
Астана және Өскемен қалаларында 2024 жылғы 26-30 сәуір аралығында Қазақстан тарихы, құқық негіздері, неміс тілі және ағылшын тілі пәндері бойынша 9-11 (12) сынып оқушылары арасында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті.
Республикалық Абай оқуларының облыстық кезеңі –«Абай оқулары» 2024 жылғы 2 мамырда өткізілді.
2024 жылғы 16-19 сәуір аралығында М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Менің бастамам – менің Отаным» республикалық шығармашылық жобалар конкурсының облыстық туры қашықтықтан өтті, оған қалалық турдың 11 жеңімпазы қатысты.
"Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы "География үйі" қоғамдық бірлестігімен бірлесіп ұлы ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай «Жас Сәтбаевшылар» 7-8 сынып оқушылары арасында география пәнінен І қалалық олимпиада өткізді.
2024 жылғы 24 қаңтарда «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың төртінші (қорытынды) кезеңін өткізді: математика, жаратылыстану, Қазақстан тарихы, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын сыныптарда қазақ тілі, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі, ағылшын тілі.
«Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы «Сатурн» робототехника мектебімен бірлесіп 2024 жылғы 24 сәуірде «American Corner Pavlodar» ақпараттық-ресурстық орталығының базасында өскелең ұрпақ арасында ғылыми-техникалық шығармашылықты дамыту мақсатында «Сатурн Кубогы 2.0» робототехника бойынша финалдық чемпионат өткізді.
2024 жылғы 24 сәуірде Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы Қасым Қайсеновтың 105 жылдығына арналған «Жырға тағзым» қалалық байқауын өткізді.
2024 жылдың 23 сәуірінде Ә. Бөкейхан атындағы лицей-мектебінде Павлодар қаласы білім бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен Әлихан Бөкейханның 158 жыл толуына орай алғаш рет қалалық 8-11 сыныптарына арналған «Ә. Бөкейхан оқулары» өткізілді.
«EL UMITI» корпоративтік қоры 2024 жылғы 23 қаңтар мен 7 наурыз аралығында «EL UMITI Talent» республикалық олимпиадасының қысқы кезеңін онлайн форматта өткізді. Олимпиада 7-9 сынып оқушылары арасында математика, химия, физика, география, биология, ағылшын тілі, информатика пәндері бойынша өткізілді.