Сенім телефоны
8 (7182) 53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш. Айманов к-сі, 37
8 (7182) 53-71-04
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-ден 19.00, Жұма 14.00-ден 19.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"Тілдер мерекесі"
02-10-2008 18:00

Қазақстан Республикасы Халықтарының Тілдер мерекесіне орай мектебімізде түрлі іс-шаралар өткізілді.

Апта бойы атқарылатын іс-шаралар жоспары алдын-ала жасалынып, мектеп әкімшілігі бекітті.

Апталықтың ашылуы салтанатты жиын түрінде өтті. Оқушылар үш тілде өз өнерлерін көрсетті.

Мектеп әкімшілігі, тіл пәндерінің мұғалімдері құттықтау сөз айтып оқушыларды тілді қадірлеуге, бай тіліміздің мол мұрасын сақтауға шақырды.

Тілдермерекесіне орай мектебімізде түрлі іс-шаралар өткізілді. Атап айтқанда, "Тіл құдіреті" тақырыбында 5-11 сыныптар сайысы барлық сыныптармен "Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте" атты сынып сағаты, 5-сыныптармен "Мақал - сөз мәйегі" 6-сыныптармен "Шешендік өнер-ата - бабамыздан қалған қасиетті өнер" шешендік сөздерді мәнерлеп оқу сайыстары; 7-сыныптармен "Даланың данышпан ұлы" (М.Ж. Көпеев шығармашылығы) атты дәріс сабақ өз ана тілімізді құрметтеу, дәріптеуге арналса, орыс тілі, ағылшын тілі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен өткізген "Путешествие в Страну знаний", "Англияға қош келдіңіз!" саяхат, танымжорық сабақтары сол пәндерден алған білімдерін сынға салды.

Мектеп іші апта бойы Тілдер мерекес құрметіне безендіріліп тұрды.

Апта соңында апталықтың өтуі туралы қорытынды жасалды.