Қостанай қаласында 2024 жылғы 1-5 сәуір аралығында Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының базасында 9-11(12) сынып оқушылары арасында орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті және қазақ тілі пәні бойынша қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті.
Қарағанды қаласында 2024 жылғы 30 наурызда робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар бойынша "ROBOLAND-2024"халықаралық фестивалі өтті. Финалдық жарысқа Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан және Ресейден 300-ден астам үздік команда қатысты.
2024 жылы 1 сәуірде Павлодар қаласы білім бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен онлайн режимінде «Үлкен үзіліс – 2024» жобасының «Біздің айналамыздағы мейірімділік» VI туры өткізілді.
2024 жылғы 27-31 наурыз аралығында химия және биология пәндері бойынша жаратылыстану-математикалық цикл республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңі өткізілді.
2024 жылғы 24-28 наурыз аралығында Алматы қаласындағы Haileybury Almaty халықаралық мектебінде 9-11 (12) сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық бағыттағы жалпы білім беретін пәндер бойынша информатика және география бойынша республикалық олимпиада өтті.
Ағымдағы жылдың 24-28 наурыз аралығында Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің базасында 2-4 сынып оқушыларына арналған «Бастау» XVII республикалық математикалық олимпиадасы өтті.
Павлодар қаласының білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен ағымдағы жылдың 26 наурызында Ә.Бөкейхан атындағы лицей-мектебінде мектепке дейінгі мекемелердің дайындық топтарының балаларына арналған «Жауқазын» облыстық олимпиадасының қалалық кезеңі өткізілді.
2024 жылғы 18-21 наурыз аралығында Астана қаласында 9-11 (12) сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер (математика және физика) бойынша республикалық олимпиада өтті.
2024 жылғы 15 наурызда "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы 7-11 сынып оқушыларына арналған «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының қалалық кезеңін өткізді.
2024 жылғы 13 наурызда Павлодар қаласы білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы Наурыз мерекесіне орай қалалық «Жұлдызыңды жақ» байқауын өткізді.
Павлодар қаласы білім бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен № 14 мектепте  ...
2024 жылғы 29 ақпанда Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы мен Малайсары батыр атындағы жалпы орта білім беру мектебі бірлесіп Малайсары батырға арналған қалалық ұлттық ойындар жарысын өткізді.
Павлодар қаласы білім бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен 2024 жылғы 29 ақпанда 7-8 сынып оқушылары арасында орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша "Брейн - ринг" зияткерлік ойыны өткізілді.
Оқушыларды жоғары деңгейдегі зияткерлік жарыстарға тиімді дайындау, математикадан дарынды балаларды қолдау мақсатында 2024 жылғы 27 ақпанда А. Шамкенов атындағы мектеп-лицейінде бастауыш сынып оқушыларының "Бастау" математикалық олимпиадасының қалалық кезеңі өткізілді. Павлодар қаласындағы 42 жалпы білім беретін мектептен 2-4 сыныптың 217 оқушысы қатысты.
Қазақстан астанасында 2024 жылғы 23-25 ақпанда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Біріккен Араб Әмірліктері, Гонгонг өңірлерінен 3000-нан астам үздік робототехниктердің қатысуымен "Central Asia FIRST Championship" робототехника бойынша ең ірі ашық чемпионат өтті. Аталған беделді чемпионатқа Павлодар қаласының № 2, 21 мектептерінің, Ш. Шөкинн атындағы мектеп-гимназиясы, "Сатурн" робототехника мектебінің командалары қатысу құқығын алды.
«Әбіш оқулары» байқауының облыстық кезеңіне облыстың жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептерінің 8-11 сыныптың 120 оқушысы, қалалық, аудандық кезеңдердің жеңімпаздары, № 21 (5), 33, Ә.Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің және Қ.Бекқожин, М.Әлімбаев, Мәшһүр Жүсіп атындағы Павлодар қаласы мектептерінің 8 оқушысы қатысты.
20 ақпан сағат 10.00-де Павлодар қаласы білім бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен А. Шәмкенов атындағы лицей-мектебінде 2-4 сынып оқушылары арасында республикалық математикалық олимпиаданың қалалық кезеңі өткізіледі.
«Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы мен Малайсары батыр атындағы жалпы білім беретін орта мектебі бірлесіп 2024 жылы 13 ақпан күні мемлекеттік тілде 1-4 сынып оқушыларына арналған математика пәні бойынша I қалалық логикалық олимпиада өткізді.
Павлодар қаласы білім бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы 2024 жылғы 9 ақпанда Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңін өткізді.
2024 жылғы 7-8 ақпанда № 7 және № 11 мектеп базасында 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі өткізілді.